Сұрақ: «Қайырлы күн! Талапкерлер білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті қашан алады? Нәтижелер өткен аптада шықты, бірақ әлі күнге дейін балалар куәлік алған жоқ. Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін. Осындай ақпарат ұсынатын қызмет жасау қиын ба?! Жалпы, егов арқылы ақпарат тартса болатын еді».

Білім және ғылым министрлігі: «ЖОО-лар құжаттарды сертификатсыз қабылдайды. Оларда грант алғандардың тізімі бар және сол тізімдер бойынша қабылдайды. Бүгін таңертең барлық грант иегерлерінің жеке кабинетінде тағайындау туралы куәлік берілді».