Бүгіннен бастап қазақ тілінде дыбысталған голливудтық 29-ыншы туынды - «Аладдин» көркем фильмі көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Шет елдік фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждаудың арқасында әлемге әйгілі кейіпкерлер миллиондаған қазақстандық балалардың алдында қазақша сөйлеп, оларға одан әрі жақындай түспек.

«Аладдин» фильмі Шах-Мұрат Ордабаевтың режиссерлігімен және Асель Мамырованың аударуымен дубляждалды. Аладдинді қазақша сөйлеткен - Айсұлтан Жалиев, Жасмин рөлін дыбыстаған - Шехназа Қызыханова, Жынның рөлінде - Дәурен Серғазин, ал Джафарды Нұрлан Әлімжанов қазақша сөйлейтті.

Сапалы қазақ тіліндегі аударма мен кәсіби шеберлердің көркем дыбыстауымен жарыққа шыққан бұл фильм қазақ тілді көрерменді ертегі әлеміне бірден елітіп алады.

5ce5950556abb1558549765.png

Дубляждау «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша «Aray Media Group» студиясымен серіктестікте «Өзіңнен баста» жобасы аясында жүзеге асырылды. Дубляж демеушісі- BI Group компаниясы.

Айта кетсек, 2011 жылдан бері «Болашақ» Қауымдастығының құрметті мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасымен голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аудару жобасы бойынша жүзеге асырылуда.

Биылғы жылы голивудтық 5 фильм қазақ тілінде дыбысталған болатын. Атап айтқанда, «Дамбо», «Аладдин» фильмдері және 20 маусымда «Ойыншықтар хикаясы 4», 19 шілдеде «Арыстан патша», 28 қарашада «Мұзды өлке 2» туындылары көрерменге жол тартады.