Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.  

Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев Президентке газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральді су таратқышы мен «Достық-Мойынты» теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын  айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.