Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Айта кетейік, аталған заң жобасы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды қарастырады. Жалпы қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.