Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1031 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:


«Парасат» орденімен
 «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов;

«Құрмет» орденімен «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов;

«Құрмет» орденімен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.