Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды. 

Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және осы жылдарда адам құқықтары мәселесі бойынша ұйымның Қазақстан билігімен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берді. 

Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті. 

«Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың  ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді», – деді Фолькер Тюрк.