«Осындай  табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы  қиындыққа қарсы  тұруға  күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз», – деп жазылған алғыс хатта.

Сонымен қатар Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және  достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.