Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады.

Кездесуде Total Energies компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.