Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.

✉️Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.