Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.

Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды. Әсіресе, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.