Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі 935 миллион долларды құрады.
Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевқа «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Бұл бастамаға ЕҚДБ 2 миллиард еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысы қазақстандық банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін ЕҚДБ президентіне алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.