Президент еліміздің жасанды интеллект саласында тиімді әрі нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты. Бұл ретте 01ai және Sinovation Ventures компанияларымен бірқатар бағытта ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстанда озық білім беру бастамалары мен жобаларды іске асыру, орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыру бағыттарының келешегі зор.
Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ли Кай Фу өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.