Мемлекет басшысы Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін, сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

https://www.akorda.kz/