Дәрілік қауіпсіздікті, дәрілік препараттарға кең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ геосаяси жағдайдың тұрақсыздығынан елдің ішкі нарығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тапшылығының ықтимал тәуекелдерін болдырмау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық жобасын әзірледі, онда Қазақстан Республикасынан 6 ай мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге тыйым салуды енгізу көзделеді.

Министрлік кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды әкетуге тыйым салуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бөлшек сегментте дәрі-дәрмек тапшылығы байқалмайды. Республика өңірлерінде жеткілікті мөлшерде дәрілік препараттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, сондай-ақ ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттардың қоры қалыптастырылған. Бұл жоба-халықты қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін сақтық шарасы.

Бұйрық жобасы әкетуге тыйым салуға жатпайтынын көздейді:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен өткізілетін тауарлар;
- пациенттердің жеке тапсырыстары бойынша тек қана жеке пайдалану үшін дайындалған, медицина қызметкері берген тағайындауға сәйкес арнайы талаптар қойылатын медициналық бұйымдар;
- Шет мемлекеттерге халықаралық ізгілік көмек көрсету үшін жіберілетін тауарлар;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу шеңберінде пациенттің жеке пайдалануы үшін әкелінген және сатып алынған тауарлар;
- ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттің жеке пайдалануы үшін алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
- көрмелерді одан әрі өткізу құқығынсыз өткізуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көрмелік үлгілері;
- клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізу үшін келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілері;
- тікелей Денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану орнында дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;
- мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілері;
- пациенттің немесе оның донорының өзі үшін тікелей таңдалған аутологиялық биологиялық материалдарын пайдалана отырып, жеке қолдану үшін өндірілген алдыңғы қатарлы терапияның дәрілік заттары;
- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадаларын және көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге арналған дәрілік заттар;
- халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеу үшін қажетті дәрілік заттар;
-Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері өндірген, оларға қатысты тыйым салынған «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен бірге жүретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар.

Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.
Жобаны талқылау аяқталғаннан кейін барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілетін болады және бұйрықты бекіту бойынша тиісті рәсімдер жалғастырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз қайта экспорттаудың алдын алу бойынша пәрменді шаралар қабылдау мәселесін пысықтауда.