Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының атқарушы директоры д-р Фаррух Шарипов қатысты.
"Демонстрациялық алаңды ашудың мақсаты - дәрігерге бағытталған МСАК қызметтерін көрсетудің биомедициналық моделін МСАК көпбейінді командалары негізінде анағұрлым тұтас тәсілге, яғни медициналық-әлеуметтік көмек моделіне қарқынды қайта құру бойынша Қазақстанның тәжірибесімен алмасу", - деді ҚР ДСМ басшысы Ажар Ғиният.
Ол елімізде МСАК жүйесі құрылатын мультидисциплинарлық тәсіл емдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін медициналық көмектің: учаскелік қызметтен ауруханалардағы мамандандырылған көмекке дейінгі үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Қазақстанда, атап айтқанда Есік қаласында демонстрациялық алаң ашу ДДҰ-ның Қазақстанның МСАК дамытудағы жетістіктерінің жоғары деңгейін тануының нәтижесі. Біз Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы сияқты ұйымдардың заманауи инновациялық технологияларды қолданудағы тәжірибесі мен жетістіктері басқаларға үлгі болуына ұмтыламыз", - деп толықтырды министр.
"Қазіргі заманғы жаңа жағдайларда Қазақстан МСАК-ты қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесін бейімдеді және халыққа неғұрлым тиімді қызмет көрсету үшін оны күшейту жөнінде шаралар қабылдады, бұл ДДҰ-ның қолдауымен Қазақстанда Еңбекшіқазақ көп бейінді ауданаралық аурухана базасында Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша көп бейінді командалар қызметінің табысты мысалы ретінде демонстрациялық алаң ашуға ықпал етті", - деп ДДҰ ЕӨБ басшысы Ханс Клюге хабарлады.
Бұл алаң ДДҰ Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда бастамашылық етіледі.
Ашылғаннан кейін Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету саласын реформалау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, оның барысында ҚР-ның биомедициналық модельден үздіксіздік пен сабақтастыққа негізделген МСАК көпбейінді командаларының кешенді моделіне көшу жөніндегі тәжірибесі талқыланды.