Қазіргі уақытта Министрлік ҚР Үкіметімен келісім бойынша Жол картасын әзірледі, оның шеңберінде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларын газдандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласында 650 шақырым газ тарату құбыры салынды, бұл 190 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қарағанды облысында 143 км жол салынды, бұл ретте 50 мыңға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Атырау, Ақтөбе және Алматы қалалары бүгінде 99%-ға газдандырылғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында атмосфераға шығарындыларды азайту бойынша меморандумдарға қол қою жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Балқаш қаласының маңында қуаты 50 МВт күн электр станциясының құрылысы бойынша жоба іске асырылуда.

Шығыс Қазақстан облысы мен еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыруға қатысты ҚР Энергетика министрлігі газдандыру бағытының 2 нұсқасын қарастыруда:

- «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен Павлодарға тармағымен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан магистралдық газ құбырын салу арқылы;

–«Сарыарқа» МГҚ –дан «Теміртау – Павлодар – Семей – Өскемен» бағыты бойынша газ бұруды салу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын газдандыру нұсқасы қарастырылуда.

Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша магистральдық газ құбырлары құрылысының құнын айқындау бойынша оңтайлы нұсқаны таңдау және одан әрі шешім қабылдау үшін алдын ала есептеулер жүргізілуде.

Қазақстанның батыс өңірлерін газбен жабдықтау жағдайын жақсарту үшін жүргізілетін жұмыстар:

Ел халқын газбен қауіпсіз және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп тұрған газ тасымалдау жүйесін жаңғырту және жаңа газ құбыры желілерін салу, оның ішінде «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ лупингін салу және «Бейнеу Жаңаөзен» МГҚ-ның 2-желісін салу қажет.

Қазіргі уақытта Үкімет «QazaqGaz «ҰК» АҚ Ұлттық операторымен бірлесіп жоғарыда көрсетілген жобаларды қаржыландыру көздері мәселесін пысықтауда.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысында әртүрлі кезеңдерде мынадай жобаларды реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылуда: қолданыстағы «Бейнеу Жаңаөзен» МГҚ желісін күрделі жөндеу; «Жаңаөзен-Ақтау» МГҚ 3-желіні күрделі жөндеу; «Бейнеу» және «Жаңаөзен» КС реконструкциялау; Құрық ауылындағы АГТС-тен «Жаңаөзен-Ақтау» МГҚ-дан газ-бұрма салу.

ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Өңірлік саясатын жетілдіруге бағытталған тапсырмаларын орындау жұмыстарын жалғастырады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі