Өңірлерде әкімдіктер, Сауда комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, қаржы мониторингі агенттігі, қоғамдық бірлестіктер және т. б. өкілдерінен арнайы мониторингтік топтар құрылды.

Соңғы 3 аптада мониторингпен «үй жанындағы» дүкендердің 87% - ы, сондай-ақ республиканың қалалары мен аудандарындағы 122 көтерме және бөлшек сауда базарлары қамтылды. Тек соңғы апта ішінде бөлшек саудада («үй жанындағы дүкендер») профилактикалық бақылау шеңберінде ӘМАТ-қа сауда үстемесін сақтаудың 259 бұзушылығы анықталды. Түсіндірулерден кейін бизнес субъектілері өз бетінше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 4-15% - ға дейін төмендетті.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ғана емес, басқа да өнімдерге баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды талдау және бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сауда қызметі (азық-түлік тауарларының саудасы) субъектілерінің электрондық шот-фактураларды міндетті түрде пайдалану жобасы аясында өндірушіден (импорттаушыдан) сауда сөресіне дейін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің жедел мониторингі қамтамасыз етіледі. Бұл баға алыпсатарлығын болдырмауға мүмкіндік береді және уәкілетті органдарға бизнестің максималды сауда үстемесін сақтауын бақылауға көмектеседі.

Бұл отандық тауар өндірушілер мен ауылшаруашылық азық-түлік тауарларын импорттаушылар арасында баға айырмашылығы байқалатын маусымаралық кезеңде өзекті болып табылады.

Мысалы, қазіргі уақытта қызанақтың бағасы түрлі бөлшек сауда орындарында әртүрлі. Бұл тауар өндірушілер мен импорттаушылардың сату бағаларының айырмашылығына байланысты.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы қазақстандық диқандар үшін көтерме сауда бағасы килограммына 600-680 теңгеден 800 теңгеге дейін (сортына қарай). Сауда желілерінде қазақстандық қызанақтың келісі 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін сатылады. Бұл ретте импорттық қызанақтың көтерме бағасы (Өзбекстан) 1400, ал бөлшек сауда желілерінде олардың орташа бағасы 1900 құрайды.