Жұмысшы кентінің жанында үш жерде шайылып кеткен топырақ үйінділері қалпына келтірілді. Аула аумағын су басқан үйлердің эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды. Су тасқынына қарсы жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов пен Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқынының қазіргі жағдайы және оның салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Өткен тәулікте, 5 сәуірде жедел штабқа облыс бойынша аула аумақтарын су басу туралы 27 хабарлама келіп түсті. Барлығы 154521 текше метр еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 2500 метр арықтарға тазарту жүргізілді, 8123 қап төселді, 560 метр уақытша үйінділер себілді.

Су тасқынын жоюға ЖАО, жол ұйымдары, "Қарағанды Су" ЖШС, Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдары жалпы саны 681 адам және 238 бірлік техника жұмылдырылды.

Әр түрлі маңызы бар автомобиль жолдарында су басу тіркелген. Құланөтпес өзенінде судың көтерілуі нәтижесінде Нұра ауданындағы Ақтүбек және Құланөтпес ауылдарында көлік қатынасы үзілді. Бірақ өткел Ақмола облысының Қорғалжын ауылы арқылы ашылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Талды, Үлкен-Құндызды және Есіл өзендері деңгейінің қауіпті көтерілуі бүгінгі күні таңертең төмендеді.

Мұз кептелісін болдырмау үшін 15 жарылыс жұмыстары жүргізілді. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан ағызу жалғасуда.

Қарағандыда Оңтүстік-Шығыстағы жағдай ерекше бақылауда. Ауа температурасының күрт көтерілуі және қатты жауын-шашын «Гүлдер» шағын ауданы – Тәттімбет көшесі жағынан даладағы қардың еруіне себеп болды. Нөсер кәрізі бір мезгілде 500 текше метрге жуық еріген судан артық көлемді жинауға арналмаған. Қажетті шаралар қабылданып, үй маңындағы аумақтардан су жедел ағызылды. Университетская көшесіндегі үш қабатты үш үйді су басты. Тұйықталу қаупіне байланысты тұрғын үйлер электр қуатынан ажыратылды. Тұрғындар эвакуацияланды. Үйлердің жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Ауладан су сорғылау жұмыстары өткізілді.

Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда.