Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында бірінші Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан-Қытай шекарасындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді. Автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға (6,3-тен 14,0 мың КҚ-ға дейін) өскен.

 

Сонымен қатар М. Сұлтанғазиев кедендік құн индексі (КҚИ) және кедендік төлемдер индексі (КТИ) бойынша оң динамика бар: КҚИ көрсеткіші 75%-ға өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), КТИ көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өскенін атап өтті.

 

Тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында «Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктінің өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артты. Бұл орайда бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталды, бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилот іске қосылды.

 

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 КҚ ауыстырып тиелді. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді.

 

Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді. Статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін отырыста тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде МКК, ҰҚК ШҚ және ҚТЖ-Экспресс ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырылды.