Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов, Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) өкілдері Морис Адэфалоу, Горан Богатиновски және Эсер Ченгел ДКҰ-ның зияткерлік меншік саласындағы жаңа стратегиясына, сондай-ақ жаңа құралдарға шолу жасай отырып, нақты мақсаттар мен рәсімдерді әзірлеу туралы сөз сөйледі.
Қазақстандық тараптан Қазақстанда және қазақстандық кеденде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау саласындағы жалпы жағдай туралы кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы Мырзағали Болат баяндама жасады.
Сарапшылар жемісті жұмыс жүргізіп, миссияның мақсатын іске асыру үшін диалогты жалғастыруға ниет білдірді.
Мәселен, 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Нұр-сұлтан қаласында ұлттық деңгейде қолданылатын түрлі құралдардың жай-күйі туралы сараптамалық талқылаудың қорытынды есебі диагностикалық миссияда қаралатын болады.
Миссия жоғары басшы құрамды, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі директорлары мен негізгі қызметкерлерін, Ұлттық зияткерлік меншік институтының құқық иеленушілері мен өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптармен бірқатар кездесулерді қамтитын болады.