Қызылорда облысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызының төрағалық етуімен өткен штаб отырысында саланың өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде саланы білікті акушер-гинекологтармен қамтамасыз ету, тәжірибеге патронажды мейірбикелердің әмбебап – прогрессивті моделін енгізу және медициналық көмектің сапасын арттыру жөнінде мониторингтік талдаулар жүргізу тақырыбы сөз болды.

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта облыста ана мен бала өлімін азайту және бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау мәселелерін жан-жақты талқылады. Айта кеткен жөн, бүгінде аймақта ана мен бала денсаулығын қорғау және перинатальды қызметтің сапасын арттыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. ​

Қазір облыс халқының 93% - акушер-гинекологпен, ​ анестезиолог-реаниматологпен – 70,0%, неонатологтармен – 90,3% қамтылған. 2022 жылы 20 маман оқуын аяқтап, жұмысқа қабылдануы жоспарланып отыр. Оның ішінде анестезиолог-реаниматолог – 7, акушер-гинеколог – 4, неонатолог – 1. 28.03-02.04.2022 ж аралығында «UMC» КҚ базасында туа біткен аномалиялардың скринингтік зерттеуін жетілдіру мақсатында «Ерте пренаталды скринингтегі заманауи әдістер» тақырыбында 5 УДЗ мамандары білімін жетілдірді, алдағы уақытта жоспар бойынша мамандар жолданатын болады.
Облыстық перинаталды орталықта нәрестелер жансақтау бөлімшесіндегі реанимациялық керуеттер ауданы қайта қарастырылды. Сонымен қатар, нәрестелер-жансақтау бөліміне 4 теонды ауа залалсыздандырғыш, 15 инфузомат алынды. Орта буын қызметкерлерінің нормативті штаты қайта қаралып, 1 мейірбике: 2 науқас (1/2) арақатынасы бекітіліп, тәуліктік ем-шара мейірбике посты ашылды. Шала туылған және қауіпті топтағы балаларға мониторинг жүргізу көпбейінді облыстық балалар ауруханасында катанамнестикалық кабинет арқылы жүзеге асырылуда.

Аймақта жүкті әйелдер мен нәрестелерге және 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық әмбебап-прогрессивті моделі бойынша патронаждық қызмет жұмысын жандандыру мақсатында жауапты облыстық координатор бекітілді және супервизия жүргізу үшін 3 топ құрылып, облыстағы емдеу мекемелеріне жоспар бойынша мониторинг жүргізілетін болады.

Штаб отырысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Байменова Ғалия Абсадыққызы, ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Налибаева Сауле Маделханқызы және аймақтағы барлық медициналық мекемелердің басшылары қатысты.