Грузиядағы қазақстандық бизнестің сауда-экономикалық миссиясының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің қолдауымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің "QazTrade" АҚ экспортты қолдау мен дамытудың бірыңғай операторы болып табылады.

Сауда-экономикалық миссияны аша отырып, "QazTrade" Бас директоры Азамат Асқарұлы екі пандемиялық жылда елдеріміз арасындағы іскерлік белсенділіктің айтарлықтай төмендегенін атап өтті: Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 88,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 27,4% - ға төмен (121,3 млн. АҚШ).

– Біздің екі ел де үлкен халықаралық көлік дәлізі-Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады. Алдағы жылдары біз осы бағыт бойынша белсенділіктің күрт өсуін көреміз. Біздің елдеріміз үшін бұл сауда-саттықтың өзара іс-қимылын арттыруға, COVID-19-ға байланысты "төмендеген" өзара сауда көлемін қайтаруға қосымша мүмкіндік болады. Оның үстіне бизнес тарапынан бір-бірінің нарықтарына өзара кірігуге деген қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз, - деді Асқарұлы.

"QazTrade" Бас директорының айтуынша, біздің елдеріміздің өзара сауданы ұлғайтуға әлеуеті зор. Қазақстандық компаниялар металлургия саласын, мұнай-химия, азық-түлік, машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдарын қоса алғанда, бірқатар салалардың өңделген тауарларының Грузияға экспортын арттыруға дайын. Экспорттың жалпы әлеуеті шамамен $170 млн-ға бағаланады.

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстандық бизнес Грузияның іскер топтарымен кездесулер өткізді.

В2В келіссөздердің бірінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық және грузиндік компаниялар $11,2 млн сомасына бес келісім жасасты.

Атап айтқанда, Грузияға кондитерлік өнімдер, тұз, жұмыртқа кеспесі, ұн және макарон өнімдерін жеткізуге келісім-шарттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, "QazTrade" Бас директоры жыл сайынғы Black and Caspian Sea Ports & Shipping 2022 конференциясына қатысып, Каспий өңірінің көлік-коммуникация кешенінің даму перспективаларын және Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін талқылады.

 

Анықтамалық:

Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $13,1 млн құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54,6% - ға жоғары ($8,4 млн).

Қазақстаннан Грузияға экспортталатын негізгі тауарлар: жалатылған болаттан жасалған жазық илек, ферроқорытпалар, бидай, қырынуға арналған құралдар, дезодоранттар, ванналарға арналған құрамдар, кокс және жартылай кокс, қара металдардан жасалған металл құрылымдар, тас көмір болып табылады. 

Қазақстанға Грузиядан импорттың негізгі тауарлары: минералды сулар, табиғи жүзім шараптары, минералды және газдалған, қант қосылған сулар, күшті спирттік ішімдіктер, өзге тәсілмен консервіленген жемістер, жаңғақтар, вакциналар, қан сарысулары, қан болып табылады.