Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен кедендік шекарасында тәртіп орнату мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

 Атап айтқанда, Қытайдан «Нұр Жолы» және «Қалжат» өткізу пункттері арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.

 Е.К. Жамаубаев Қытаймен тауар айналымын ұлғайту және өткізу пунктінің ішінде тасымалдау үшін тарифтерді төмендету бойынша міндеттер қойды. Мүдделі мемлекеттік органдарға «Нұр жолы» өткізу пунктіндегі электрондық кезек жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жеделдету тапсырды.

 Қорытындылай келе, ол сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен тасымалдаушылар арасында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

 #Президенттің_тапсырмасы_бойынша

#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі