Техникалық себептерге байланысты Әлеуметтік қызметтер порталының (aleumet.egov.kz) жұмысы бойынша консультациялық қызметтер көрсететін «1414» байланыс орталығының нөмірі (№5 түймені таңдау) уақытша қолжетімсіз. Осыған байланысты азаматтар операторлардың ұялы нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.
Әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (708) 114 8762; +7 (708) 114 8769; +7 (708) 114 8754;
+7 (778) 550 4803; +7 (778) 170 6938; +7 (747) 710 5789.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған нөмірлер бойынша өтініштер «Whatsapp» және «Telegam» мессенджерлері арқылы қабылданады.
Байланыс орталығының жұмыс тәртібі сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін өзгеріссіз қалады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталында келесі қызметтер қолжетімді: оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтер, ымдау тілі маманының қызметтері, жеке көмекшінің қызметтері, санаторлық-курорттық емдеу қызметтері, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну.