Тайландта бокстан халықаралық Thailand Open - 2022 турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеде ел намысын ұлттық құрманың ең үздік спортшылары қорғады.
Отандық үш боксшымыз алтын медальға ие болды.
I орын - Серік Теміржанов (57 кг)
I орын - Нұрбек Оралбай (81 кг)
I орын - Айбек Оралбай (91 кг)
Күміс медальді ұлттық құраманың ең жас спортшысы мен құрама капитаны иеленді.
II орын - Сұлтан Мусинов (63 кг)
II орын - Асланбек Шымбергенов (69 кг)
Қола медальді үш спортшымыз жеңіп алды.
III орын - Санатали Тольтаев (63 кг)
III орын - Такижанов Аятулла (75 кг)
III орын - Сағындық Тоғамбай (91 кг)
Айта кетейік, бокстан халықаралық Thailand Open - 2022 турнирінде әлемнің 14 елінен 130 спортшы бақ сынады.