2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар мәселелері бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының (бұдан әрі-ДКҰ) диагностикалық миссиясы өтті.
Бұл миссияны ДКҰ сарапшылары – Морис Адэфалоу мен Горан Богатиновски, сондай-ақ ДКҰ Еуропа өңірінің институционалдық даму жөніндегі өөңірлік кеңсенің директоры Эсер Ченгел басқарды.
Миссия барысында сарапшылар бірқатар мемлекеттік органдар мен Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына барды. Сапар барысында жауапты басқармалар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау саласындағы жалпы жағдай туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілген құқық иеленушілермен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау тетіктерінің жұмысының негізгі сәттерін егжей-тегжейлі түсіну үшін кездесу ұйымдастырылды.
МКК мүдделі бөлімшелері ретінде: Бақылау департаментінің Кедендік операциялар басқармасы, Халықаралық ынтымақтастық басқармасы, Оқу-әдістемелік орталығы қатысты.
Миссияның соңғы күнінде МКК қызметкерлері мен ДКҰ сарапшылары ұлттық деңгейде әрекет ететін түрлі құралдардың жай-күйі туралы қорытынды есепті қалыптастыру үшін жемісті жұмыс жасады.
Миссия кедендік әкімшілендіру мәселелеріне, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қызметтің жаңа бағыттарын айқындауға, сондай-ақ оларды іске асырудың нақты тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін ұсынымдарға бірқатар оң сәттерді ұсынды.
Іс-шара барысы миссияның барлық қатысушыларының жемісті өзара іс-қимылын және Қазақстанның кеден әкімшілігінің ДКҰ-мен ынтымақтастығының одан әрі перспективасының маңыздылығын растады.