Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Мемлекет басшысының мемлекеттік жекешелендіру әріптестікті кешенді қайта жүктеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша кеңес өткізді.
Атап айтқанда, тәсілдер мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен тыс қалуға және бюджетке жүктемені азайтуға, жобалар бастамашылары мен мемлекет арасында міндеттерді, міндеттемелерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді теңгерімді бөлуді қамтамасыз ету мәселесіне, сондай-ақ цифрландыруды енгізу арқылы мемлекеттік жекешелендіру әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінде ашықтық пен айқындық қағидатын енгізуге қатысты.
Нарыққа қатысушылардың бәсекелестігін қорғау бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту жөніндегі тетікті әзірлеу мақсатында мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және оның жоспарланатын жағдайлардың барабарлығына талдау жүргізілетін болады.
Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі органдарға Президент Әкімшілігіне ұсыныстарын таныстыру және жолдау үшін тәсілдерді пысықтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
#Президенттің_тапсырмасы_бойынша
#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі