2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы басшылығының ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Сайлау жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Ульви Ахундлу бастаған сарапшылар тобымен кездесуі өтті.

Кездесуге Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров, Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман, ҚР ОСК мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина қатысты.

Кездесу барысында ДИАҚБ сарапшылар тобының мүшелері жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздерімен, оның ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сайлау процесін жаңғырту тұрғысынан таныстырылды.

Сонымен қатар 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі Бюро миссиясының сайлау процесін ұйымдастыру бөлігіндегі кейбір ережелері мен ұсынымдары талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша жүйелі және тұрақты диалогты жалғастыру, сайлау тақырыбы бойынша екіжақты әріптестікті тереңдету мақсатында ҚР ОСК және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ынтымақтастығының бағыттарын кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.





 

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz

6

Жарияланған күні

12 сәуір 2022 - 17:30

Қызмет бағыты

Халықаралық-құқықтық

Жаңалықтарға жазылу