ҚР СИМ-нің «QazTrade» АҚ экспортты қолдау және дамыту жөніндегі операторы хабарлағандай, Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда 22,8%-ға өсіп, 3,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

Бұл ретте Қазақстанның экспорты 26,8%-ға артып, 1,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

Шетелге ыстықтай илектелген болаттан жасалған жазық илек, алюминий оксидтері мен гидроксидтері, өңделмеген мырыш, жалатылған болаттан жасалған жазық илек, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, ферроқорытпалар сияқты тауарларды жеткізу ұлғайды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 21,1%-ға өсіп, 2,6 млрд. АҚШ долл. құрады.

ЕАЭО елдерінен импорттың өсуі бидай, мұнай өнімдері, қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, күнбағыс тұқымдары, Инсектицидтер, гербицидтер, этилен полимерлері сияқты тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді.

 

ҚР-ның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.

2021 жылғы қаңар-ақпан

2022 жылғы қаңар-ақпан

Өсім

2022/2021

Тауар айналымы

3 070,6

3 771,2

+22,8%

Экспорт

926,8

1 174,9

+26,8%

Импорт

2 143,8

2 596,3

+21,1%

Сауда теңгерімі

-1 217,0

-1 421,4

нашарлады

 

Елдер бөлінісіндегі өзара сауда көрсеткіштері (млн. АҚШ долл.)

Елдер

ТА

Экспорт

Импорт

Үлес

ТА

Экспорт

Импорт

 

Барлығы

3 771,2

1 174,9

2 596,3

100%

100%

100%

1

Ресей

3 526,1

1 090,7

2 435,4

93,5%

92,8%

93,8%

2

Қырғызстан

126,3

72,6

53,7

3,3%

6,2%

2,1%

3

Беларусь

116,4

10,9

105,5

3,1%

0,9%

4,1%

4

Армения

2,4

0,7

1,7

0,06%

0,06%

0,07%