20 сәуірде сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған «Кемпірқосақ» атты республикалық көрме ашылады. Бұл көрме Бабалар аманаты жобасы аясында, Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен өтеді.
Бабалар аманаты жобасының мақсаты- республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу. Бұл жыл Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың ұсынысымен «Балалар жылы» деп белгіленді.
Биыл «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толады. Жобаға ҚР Суретшілер одағы, ҚР Дизайнерлерінің Еуразиялық одағы, Қолөнер одағы және шығармашылықпен айналысатын Қазақстан Республикасының көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Греция және Орталық Азия елдері сияқты халықаралық көрмелерге үнемі қатысады.
Қанағат Кодеков – «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі, кураторы, «Үздік Педагог-2021» жеңімпазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Бабалар аманаты» халықаралық және республикалық «Көркем еңбек» пәні мен кәсіби суретшілер жинағының, «Бабалар аманаты» - Қазақстан Республикасының халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің үздік шығармаларының жинағының авторы. Сондай-ақ, оның әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және т. б. арналған шығармалар жинақтары жарық көрді.
«Көркем еңбек» пәнін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында біріккен. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді.
Қазіргі уақытта еліміздің педагогикалық қоғамдастығы өскелең ұрпақты ұлттық бейнелеу өнерінің құпиялары мен қыр-сырына үйрету үшін тынымсыз еңбек етуде, өнер арқылы оларды қазіргі заманғы көркемдік бағыттармен таныстырады, эстетикалық тәрбиені, сұлулықты дұрыс түсінуді қалыптастырады. Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
«Кемпірқосақ» көрмесіне республиканың әртүрлі қалаларынан (Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Тараз) қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін педагогтардың жұмыстары ұсынылған.
Көрмені 2022 ж. 10 мамырға дейін тамашалауға болады.
Көрменің жұмыс уақыты: 10-00 - 18-00. Демалыс күні: дүйсенбі
Көрме жетекшісі - Айсұлу Үсентаева.