"Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда орташа есеппен үш есе көп энергия тұтынады. Барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазірдің өзінде энергия ресурстарының тапшылығы туралы ойлана бастауымыз қажет", — дейді кездесуде баяндама жасаған ҚР ИИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандары.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілдері, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сонымен бірге дамудың перспективалық бағыттары, энергия үнемдеу құралдары, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары үшін энергия тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.