Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды артистер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.
Сыр елі – жыр елі талайды таңдай қаққызған тума таланттардан кенде емес. Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған қазақ ханымы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ресми түрде басталып, республика көлеміндегі іс-шараларға ұласып, енді міне, туып өскен жері Сыр елінде ғасырлық тойы тойланғалы жатыр.
Айта кетейік, қазақ өнерінің біртуар әншісіне арналған ән кеші Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтеді.