Кездесу барысында Елші өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және Оңтүстік Корея автомобильдерінің жаңа модельдерін елімізде сериялық өндіру бойынша бизнесті жолға қоюға мүдделілік білдірді.

Өз кезегінде, Канг Хун Тэк Қазақстан Үкіметіне жан-жақты көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға күш салуға уәде берді.

«KIA Corporation» компаниясы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-пен бірлесіп, «Kia Sportage NQ5» автомобилін шығаруды жоспарлап отырғанын атап өту қажет.