БҰҰ Өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі мәселелері мен «Жаңа Қазақстанды» құру шеңберіндегі ауқымды өзгерістер, сондай-ақ қаңтардағы оқиғаларды тергеудің соңғы қорытындылары туралы хабардар етілді.
Н. Герман елімізде жүргізіліп жатқан басқару институттарын жаңғыртуға және саяси бәсекелестікті арттыруға бағытталған кең ауқымды реформаларды жоғары бағалады, сондай-ақ конституциялық реформаларды іске асыруда сараптамалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Оның айтуынша, БҰҰ қазақстандық биліктің қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу бойынша ашықтығын, оның ішінде ұйым өкілдерін қабылдауға дайындығын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде Қазақстанның ОАПДӨО-мен өзара іс-қимылына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.