Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысында алты жүзден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.  

- Бес жыл ішінде Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда айналымы 40%-ға өсіп, 648 млрд. теңгені немесе 112 млрд. рубльді құрады,- деді Әбілқайыр Сқақов.

Александр Бурков омбылық кәсіпорындардың атынан бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, олар ай сайын Павлодар  мұнай-химия зауытында өндірілетін жеті мың тоннаға жуық мұнай бензолы мен техникалық бутанды сатып алуға дайын. 

Сапар барысында омбылық делегация «Рубиком» ЖШС-не барып, кәсіпорынның қызметімен танысты.  Александр Бурков «Рубиком» ЖШС-ің құрылтайшысы Вячеслав Руфты Омбының нарығын игеруге шақырды.

Сонымен бірге, делегация жаратылыстану ғылымдарына арналған еліміздегі жалғыз мультимедиялық музейге барды. 2019 жылы ашылған «Ertis» музейі бір мезетте алты жүз адамды қабыладй алады. Омбылықтарға Павлодар облысының тарихы бойынша қысқаша таныстырылым өткізілді.