Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты, БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесі және Венеция комиссиясы гибридті форматта өткен конференцияның ұйымдастырушылары болды.

Конференцияның ашылуының алдында, модератор ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының мүшесі Игорь Рогов:

— Өткен жылы еліміз өзінің мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Тәуелсіздікті жариялау фактісінің өзі сөзсіз тарихи маңызы бар. Сонымен бірге, кез-келген жаңа мемлекеттің құрылуы тек басқа мемлекеттердің мойындауына ие болған кезде ғана жүзеге асты деп санауға болатындығы белгілі. Іс жүзінде біздің тәуелсіздігімізді бірден бірнеше ондаған жетекші әлемдік державалар мойындады. Егеменді Қазақстанның заңды түрде мойындалуының негізгі қадамы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау болды. Бұл оқиға 1992 жылы 2-наурызда болды. Тура 20 жыл өткен соң Қазақстан өзінің "құрылтай құжаттарында" жарияланған демократиялық және құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысы халықаралық құқықтық қауымдастық тарапынан кеңінен мойындалып, қолдау тапты. 2012 жылғы 13 наурызда біздің еліміз Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының толыққанды, тең құқылы мүшесі болды. Бүгін біздің халықаралық ғылыми-практикалық конференция осы екі айтулы мерейтойға арналған.

Конференция жұмысын Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми ашып, мемлекетіміздің БҰҰ және Венеция комиссиясымен ынтымақтастығы Қазақстанның қазіргі тарихында стратегиялық маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 30 жыл бойы БҰҰ бағдарламалары көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде адам құқықтарын қорғау саласында, көптеген идеялары еліміздің Ата Заңында көрініс тапқан негізгі құқықтық құжаттарға сүйене отырып, еліміздің прогрессивті дамуын қолдап отырғанын тілге тиек етті. Спикер сондай-ақ, Конституциялық Кеңес қорытынды шешімдер қабылдаған кезде БҰҰ-ның Жалпыға бірдей танылған және ратификациялаған халықаралық актілерінің ережелері әрқашан негізге алынатынын атап өтті.

- Венециялық комиссия 10 жыл бойы біздің серіктесіміз бола отырып, Қазақстандағы конституционализмді дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазақстан конституциялық реформалар мен жекелеген заңнамалық актілердің жобалары бойынша сараптамалар алу үшін Комиссияға тәуелсіз консультативтік орган ретінде бірнеше рет жүгінді. Венеция комиссиясының ұсынымдары елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Конституциялық Кеңестің Төрағасы.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры хатшылығының басшысы Давид Чикваидзе, Венеция комиссиясының президенті Клер Бази-Малори, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Республиканың Әділет министрі Қанат Мусин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас, сондай-ақ Францияның Алматыдағы Бас консулы  Алексис Шахтахтинский конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жиынның жоғарғы деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

— Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері  сот жүйесінің, мемлекеттік басқарудың, әкімшілік құқықтың институционалдық және саяси реформалары арқылы елде құқықтың үстемдігін нығайту жөнінде шаралар қабылдауда. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы өз Жолдауында билік институттары арасында түбегейлі жаңа конституциялық тепе-теңдік орнататын саяси реформалардың ауқымды және тарихи пакетін ұсынғанын ерекше атап өткен жөн, - деді Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин.

Венеция комиссиясының президенті Клер Бази-Малори біздің еліміз комиссияға қосылғаннан бері көп жетістікке жеткенін атап өтті. Осылайша, Венеция комиссиясы Қазақстан билігінің өтініші бойынша елдегі конституциялық және құқықтық реформа процесін қолдады. Венеция комиссиясы заң жобалары бойынша, мысалы, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесіне, адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Әкімшілік рәсімдер мен сот төрелігі Кодексіне және сот этикасы кодексіне қатысты көптеген пікірлер қабылдады. Венециандық комиссия сондай-ақ, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің құқықтық базасын жетілдіруді және еліміздің жоғары судьялар кеңесінің реформасын қолдады.

Өз кезегінде БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры хатшылығының басшысы Давид Чикваидзе "Қазақстан халықаралық, өңірлік және Ұлттық деңгейлердегі тиісті басқаруды, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есеп беруін ілгерілетуге бағытталған бастамаларда адал одақтас және әріптес ретінде құқықтың үстемдігіне байланысты проблемаларды шешуде үлгі болатынын"айтты.

Спикер Қазақстан үкіметіне өз халқы үшін бейбітшілік пен әділеттілікке қол жеткізу үшін құқық үстемдігін нығайтуда, мемлекет пен оның институттарына деген сенімді нығайтуда табыс тіледі.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі Игорь Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзила Шапак, сондай-ақ БҰҰ мен Венеция комиссиясының сарапшылары көпжылдық жемісті әріптестіктің қорытындысын шығара отырып, сөз сөйледі.

Конференция жұмысын қорытындылай отырып, 3-панельдік сессияның модераторлары БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властемил Самек мырза және Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, з.ғ. д., профессор А. А. Сәбитова  өзара ынтымақтастықты одан ары нығайтудың мәнін және құқық үстемдігін бекіту мәселелерінде бағдарламаларды жүзеге асырудың аса маңыздылығы мен жастар арасында құқықтық насихат жүргізудің және қоғаммен өзара іс-қимылдың өзектілігін атап өтті. БҰҰ мен Венеция комиссиясының өкілдері жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, осы бастамаларды іске асыруда Қазақстанды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.