Кездесу барысында Э.Әзімова швейцариялық серіктестерді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қызметімен және Азаптаудың алдын алу бойынша ұлттық алдын алу тетігінің жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырды. 2022 жылғы «Қастерлі қаңтар» барысында қамауға алынған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы Швейцария тарапының ерекше назарына ие болды. Э.Әзімова осы күрделі кезеңде құқық қорғаушылардың жедел жұмысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық қолдауының арқасында қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Ол сонымен қатар Қазақстандағы адам құқықтары мен демократияны нығайту саласындағы Мемлекет басшысының жүйелі саяси реформаларының іске асырылуымен таныстырды.
Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін төмендету, әйелдер, жастар және мүгедек адамдар үшін депутаттық мандаттарды бөлу кезінде 30% квотаны енгізу, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейту ел басшылығының одан әрі демократиялық өзгерістерге бағытталған саяси ерік-жігерін растайды.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңарту және жаңғырту жолы» атты Жолдауы арнайы талқыға ие болды. Э.Әзімова ҚР Президентінің мемлекетті саяси және әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған 10 бастамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар гендерлік теңдік, қамаудағыларға қатысты стандарттарын сақтау мәселелерін талқылап, азаптаудың алдын алу жөніндегі жобаларды іске асыруда өзара жәрдем көрсету мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.
Тараптар азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен техникалық жобаның аяқталуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Швейцарияның қатысуымен келесі жобаны іске асыру туралы уағдаласты.
Кездесу тақырыбы Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар мен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы жаңалықтарды құптаған швейцариялық тарапының қызығушылығын тудырды.