Қор өкілдері еліміздің жаңа экономикалық бағыты мен «Жаңа Қазақстанның» құрылысы аясында ауқымды реформалардың іске асырылуы туралы хабардар етілді.

Ағылшын құқығының қағидаттары мен нормаларында жұмыс істейтін және шетелдік инвестицияларды тарту үшін маңызды алаңға айналған «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі шеңберіндегі әлеуетті ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар агроөнеркәсіптік кешен мен жасыл технологиялар салаларындағы жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтауға келісті.