01.09.2021 жыл

 АЙТЫЛДЫ:
«Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін».

 ОРЫНДАЛДЫ:
? 2021 жылы 163 301 оқушыға арналған 277 мектеп ашылды

? 2022 жылы кемінде 214 538 оқушыға арналған 225 мектеп ашу жоспарланып отыр

? Жан басына қаржыландыру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесін дамыту арқылы қажетті құқықтық база жасалды және жеке инвесторлардың ресурстары белсенді түрде тартылуда

? Үш ауысымдық мектептер мен орын жетіспеушілігі мәселесін шешіп қана қоймай, бір ауысымдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр