«Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Жұмыс сапары Байзақ ауданындағы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба бойынша құрылған «Қостөбе-2019» ауыл шаруашылығы кооперативін аралаудан басталды.