ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы іс-шаралары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, министр Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Туризм министрі Азиз Абдухакимовпен, Ростуризм басшысы Зарина Догузовамен және Өзбекстан Республикасының спортты дамыту министрі Адхам Икрамовпен кездесті.