Орталық референдум комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров өңірлердің референдумға дайындығын бақылау мақсатында Түркістан облысының Арыс қаласына және Шымкент қаласына екі күндік сапармен барды. ОРК басшылығының Арыс қаласына сапары кездейсоқ емес, өйткені қала бұрын үлкен күйзелістерді бастан кешіріп, қазіргі таңда қалаға ерекше назар аударылып келеді.