АЙТЫЛДЫ:

"Барлық транзакциялар мен қаражатты елден негізсіз алып шығатын тұлғаларды нақты бақылауды, тексеруді және бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын."

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі

ОРЫНДАЛДЫ:

2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері
528 млн. теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті.

Осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы 3,2 млн.теңгені құрады.

Осылайша, қаңтарда "Алматы-Абу-Даби" бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылды, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Ақпанда "Алматы-Ыстамбұл" қатынасындағы әуе рейсіне кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылған ҚР азаматшасы тоқтатылды. Материал Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Азаматшаға ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабыбойынша қылмыстық іс қозғалды (экономикалық контрабанда).