Павлодар облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен халықпен кездесулердің жаңа форматы белсенді енгізілуде. Өңір басшысы, оның орынбасарлары мен басқарма басшылары 100-ге жуық ауылды аралады. Кездесулерде 536 сұрақ қойылды, олардың 40% тез шешілді. Осындай шаралардың тиімділігі өте жоғары, себебі – кездесуге тұрғындар, аудан, облыс басшылығы, құқық қорғау және басқа органдар өкілдері бір жерге жиналып, қатысады. Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бірлік пен бірлескен шешім қабылдау туралы айтып берді.