шкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың процестік құқықтары мен талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қабылдауда. Бұрын хабарлағандай, тергеу сатысында жағымды мінезделетін және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеген күдіктілердің бұлтартпау шаралары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес болып өзгертілді. Осы негіздер бойынша 255 күдікті қамаудан босатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев мәлім етті.