"Биыл Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Біздің "Қазақконцерт" концерттік ұйымымызға Роза Бағланованың есімі берілді. Биыл біз оның кіші отаны – Қызылорда облысына барамыз. Облыс тұрғындары үшін Astana Musical театрының ұжымы, "Тұран" ансамблі және "Қазақконцерт" әртістері өнер көрсетеді", - деді брифингте Роза Бағланова атындағы" Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова.

Гастрольдік тур Қызылорда облысында 28 қыркүйекте басталады. Өңір тұрғындарына "Достар серті" және "Роза Бағланова"спектакльдері ұсынылады.

Сондай-ақ, әртістер облыстың Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарын аралайды. "Қазақконцерт" ұжымы Байқоңыр тұрғындарын да концертпен қуантуды жоспарлап отыр.