Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласындағы ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда, сондай-ақ мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде бұйрық қабылданды.

Күзгі дала жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің шаруаларына мұнай өңдеу зауыттарында тоннасына 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағамен 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл бөлшек сауда бағасынан өңірге байланысты орта есеппен 15-25%-ға төмен. Павлодар облысына 23 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Диқандарға дизель отынын тиеп-жөнелту берілген өтінімдерге сәйкес 98%-ды құрайды жәнебасым негізде жүзеге асырылуда.

Павлодар облысында сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың соңына дейін 1 литр үшін 70 теңге мөлшерінде бекітілді.

Өңірде 13 газ толтыру станциясы және 74-ке жуық автомобильге газ құю станциясы бар.

Облыста 2021 жылы сұйытылған газды тұтыну 76 мың тоннаны құрады. 2022 жылғы қаңтар-тамызда шамамен 32 мың тонна тұтынылды.

Ведомство басшысы Болат Ақшолақов ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып және бағалардың алыпсатарлық өсіп кетуіне жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын, өндірушілер белгіленген бөлшек сауда бағаларына сүйене отырып, сұйытылған газға шекті көтерме бағаларды өндірушілердің айқындау жөніндегі қағидалар әзірленетінін атап өтті.