2022 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі 2022 жылғы 16 наурыздағы Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленген «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасын екінші оқылымда қолдады.