Мемлекет басшысы заңдылықты арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту үшін прокуратура туралы жеке Конституциялық заң қабылдау талап етілетінін атап өтті.
Жаңа конституциялық заң жобасында қадағалау тетіктері нығайтылады, олар құқықтық қатынастарға қатысушылардың барлығының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді сақтауына ықпал ететін болады.
Прокуратура қызметінің басты мақсаты мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында заңның үстемдігін қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту болып табылады.
Прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін күшейтуге оның қарауына жататын өтініштер санаттарының тізбесін нақтылау жөніндегі прокуратураның құзыретін заңнамалық деңгейде бекіту, заңдылықты сақтау жөніндегі тексерулерді, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың өзге де құралдарын тағайындау тәртібін қайта қарау ықпал ететін болады.
2022 жылғы конституциялық реформаны іске асыруда Бас Прокурордың нормативтік құқықтық актілердің, ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың конституциялылығын тексеру мәселелері, сондай-ақ Конституцияны ресми түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасау өкілеттігі көзделеді.
Жобада прокуратураның бүкіл жүйесі көрсетілген, прокурорлардың өкілеттіктері жеке баппен жүйеленген.
Сондай-ақ, Заң жобасында прокуратура органдары ведомствосының, Құқық қорғау органдары академиясының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының қызметіне қатысты ережелер қамтылған.
Конституциялық заң жобасы тұтастай алғанда елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық міндетті шешуге бағытталған.