Қазақстан Түркиямен ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас директоры Мехмет Хасдемирмен кездесу кезінде мәлімдеді.  Ол атап айтқанда тұқым шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу туралы айтып отырғанын атап өтті.